2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

ЕАЭО-да ірі дау: Қырғызстан Ресейді мигранттар үшін сотқа сүйреді

Қырғызстан Ресей үстінен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сотына шағым түсірді. Ресми Бішкек Мәскеуді еңбек мигранттарының құқығын сақтамады деп айыптап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жогорку Кеңештің бейінді комитетінің отырысында мәлім болды. Даудың негізгі себебі – Ресей аумағында жұмыс істейтін қырғызстандық мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің міндетті медициналық сақтандыру полисіне және тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмауы.

Қырғызстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, азаматтарды медициналық көмекпен қамту міндеттемесі ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы келісімдерде нақты бекітілген. Алайда Ресей тарапы бұл шартты орындамай отыр.

Сот отырысы өтіп, тараптардың уәждері тыңдалған. ЕАЭО сотының бұл іс бойынша түпкілікті шешімі алдағы екі аптаның ішінде шығады деп күтілуде.