2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Селқос қарауға құқығы жоқ»: Президент Бас прокуратурада жиын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Мемлекет басшысы алдымен елде ауқымды өзгерістер жасалатынын, соның бір көрінісі, Конституциялық реформа жүргізумен бірге жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті көзделгенін жеткізді. Мемлекет басшысы бұл ретте де заң үстемдігін ескертті.

«Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ», — деді Президент.

Сонымен қатар қазір барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысының өзектілігін айтты.