«Физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдары» курсына, алгебра мен геометрияны «Математика» пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды.
Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндерді біріктірілмейді»
Міне, бұл – Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жеткізген ресми ақпарат. Артық сөз, эмоциялық емеурінсіз хабарлама.
