Қазіргі қоғамда психологиялық денсаулық физикалық денсаулық сияқты маңызды. Алайда көп адамдар психологқа баруды тек «ауыр жағдаймен» байланыстырады. Шын мәнінде, маман көмегі көптеген өмірлік кезеңдерде қажет болуы мүмкін.
Психологқа жүгінудің негізгі белгілері
Төмендегі белгілер ұзақ уақыт (2–3 аптадан артық) сақталса, психологқа қаралған жөн. Мәселен, үнемі мазасыздық, себепсіз қорқыныш, Көңіл күйдің тұрақсыздығы, жиі жылау, ұйқының бұзылуы (ұйықтай алмау немесе тым көп ұйықтау, тез шаршау, өмірге қызығушылықтың жоғалуы, ашуланшақтық, агрессия немесе тұйықталу, өзін төмен бағалау, кінә сезімі, шешім қабылдауда қиындық, жақын адамдармен қарым-қатынастың нашарлауы, жұмысқа немесе оқуға зейін қоя алмау.
Міне, осындай мінез-құлықтық өзгеріс белгілері болса бірден психологқа жүгінген дұрыс. Мамандар бұндай белгілердің жеке тұлғада көп сипаты байқалып, ол ұзақ уақытқа еленбей қалған жағдайда адам көп қиындыққа душар болатынын айтады.
Енді қандай жағдайларда психолог міндетті түрде қажет екенін атап өтсек:
- Жақын адамнан айырылу (қайғы, ажырасу)
- Күшті стресс немесе психологиялық жарақат
- Депрессия белгілері
- Паникалық шабуылдар
- Созылмалы шаршау синдромы
- Балалар мен жасөспірімдердегі мінез-құлық өзгерістері
- Отбасылық немесе ерлі-зайыптылар арасындағы қиындықтар
Психологқа бару нені білдіреді?
Психолог – ақыл-кеңес беретін емес, сізге өз мәселеңізді түсінуге және шешім табуға көмектесетін маман. Ол:
- Сезімдеріңізді түсінуге көмектеседі
- Стрессті басқару жолдарын үйретеді
- Ішкі ресурстарыңызды ашуға бағыттайды
- Өзіңізге деген сенімді арттыруға көмектеседі
Не істеу керек?
- Өз жағдайыңызды мойындаңыз – бұл әлсіздік емес
- Сенімді психолог таңдаңыз (тәжірибесі, білімі маңызды)
- Алғашқы кездесуден қорықпаңыз – бұл жай әңгіме
- Уақыт беріңіз – нәтиже бірден болмауы мүмкін
