-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Екі есеге төмендейді»: Әлназарова жағымды жаңалық жеткізді

Министрлік дерегінше, аталған бағытта соңғы үш жылда оң нәтиже бар. Бағаналы жасуша трансплантациясы үшін өзге ел көмегіне жүгіну 3 есеге, ал кардиохирургиялық көмек алуға жолдама беру 5,2 есеге азайған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда еліміздің өз ішінде жыл сайын 2 мыңнан астам баланың жүрегіне күрделі оталар жасалады.

Осы ретте, медициналық саланы дамытудың биылғы басымдықтары да аталды.

• Йодтерапия, протондық терапия және тамырлы ақауларды жою әдістері отандық емдеу мекемелерінде толық қолжетімді болады.

• Ауруханаларда гибридті операциялық бөлмелер ашылып, заманауи технологиялар енгізілуде.

• «Гамма-пышақ» аппаратының көмегімен күрделі радиохирургиялық операциялар сәтті жүзеге асырылуда.

Министр өз кезегінде қолға алынып жатқан бұл кешенді шаралардың барлығы балалардың шетелде емделу қажеттілігін мейлінше төмендетіп, сапалы медицинаның ел ішіндегі қолжетімділігі арттыратынын атап өтті.