-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Енді Құрылтайда дұрыс жұмыс істемеген министрлердің тағдыры шешілуі мүмкін

Конституциялық комиссияда түрлі ұсыныстар түсуде. Соның бірі – министрлер тағдырына тікелей қатысты. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың пікірінше, аталған ереже бойынша Құрылтай депутаттарының үштен бірі Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау үшін бастама көтере алады. Бұндай жағдайда министр Құрылтай «сынағынан» сүрінбей өтуі тиіс.

«Депутаттардың кем дегенде үштен бірінің талабымен Үкімет мүшелері не бітіріп жатқанын айтып, арнайы есеп береді. Егер есеп Құрылтай көңілінен шықпаса, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік болып саналады. Мұндай жағдайда Президент депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босатады», – деді Сенат депутаты.