-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Масылдық пиғыл туғызып отыр»: Бектеновты бекер «ренжіткен» кімдер?

Былтыр жыл соңында үкіметте «жаңалық» болған «масылдық» әңгімесі енді ашықққа шықты. Дәлірек айтқанда «бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновтың өз аузымен айтылды. 

Үкімет басшысы әуелі мемлекетке «бата» бастаған бекер шығынға не себеп болып отырғанын жеткізіп, тиісінше Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты еске ала отырып бүкіл саланы реформалау керек дегенді қызды-қыздымен «қойып» қалды.

 — Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатыр. Алайда әртүрлі төлемдердің көптігі мен бірізді жүйенің болмауы және тиімді бақылаудың жоқтығы шығындардың негізсіз өсуіне ықпал етті. Бұл бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына және кей жағдайларда жымқырылуына алып келді. Атқарылған жұмыстың арқасында, соңғы екі жылда шамамен 288 млрд. теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды. Сіздің «Turkistan» газетіне берген сұхбатыңызда және Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылғандай, бүкіл сала реформалауды қажет етеді, — деді Бектенов.

«Батып» тұрмаса, бүкіл саланы жарамсыз қылғандай барлығына реформа керек деп айтар, айтпас – кім біліпті?! Бұдан кейінгі Премьер-министрдің сөз бе сөз ойын ортаға салсақ, бүкіл саланы реформалау дегенде де әл-әзірге бірнеше бағыт қана түстелді. Олар төмендегідей:

  • әлеуметтік көмек түрлерін біріктіру және бірізді жүйеге келтіру процесі жүргізіліп жатыр;
  • білім беру қызметтері цифрландырылып жатыр. Бұл нысандарды салудан бастап жан басына сәйкес қаржыландыруға дейін барлық кезеңді қамтиды;
  • әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы қайта қаралады. 

Салақұлаш болмаса да сала туралы ойдың келесі бір дітті жері елдегі масылдық пиғылдың төркінін түгендейді. Осы ретте, ол шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек берілуі тиіс деген қағиданы қатаң ұстану қажеттігін атады.

Айта кету керек, көші-қон заңнамасы мен иммигранттардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау тетіктерінің осалдығы да масылдық пиғыл туғызып отыр. Биылдан бастап жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары іріктеліп, жұмыс күші тапшы өңірлерге баратын азаматтарға ғана беріле бастады. Мемлекеттік саясаттың жаңа тәсілдері бюджеті 18 трлн теңгені құрайтын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларында тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады, — деді Олжас Бектенов.

Бір кемі – бюрократия мен жемқорлық сығымдап тұрған қоғамда «шынайы мұқтаж адамдар» өлшемінің дәлме-дәл қалай екшеліп, қалай сүзгі, таразыдан өтетіні, оның ашықтығы мен заңдық негіздегі тиімділігі туралы ештеңе айтылмады.