-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Мен сенбеймін»: журналист аяқ-қолы маталған қызға алаңдаулы (видео)

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір  келеңсіз жайтты жеткізді. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы журналистің жазбасын қаз-қалпында ұсына отырып хабарлайды.

«Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар! Ертең жолға шығамын!» – деп жазды журналист.