-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Мүлдем жаңа құжат»: Президент өзгерісті мұқият қадағалап отырғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға жасалып жатқан өзгерістердің маңызына тоқталып, алда Конститутция мүлде жаңа құжат болып өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Президент комиссия мүшелері осыған дейін  отырыста өз ойлары мен ұсыныстарын айтқанын, оны өзі тікелей қадағалап отырғанын жеткізді.

«Жан-жақты талқылап, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен таратылды. Мен талқылау барысын мұқият қадағалап отырмын. Осы орайда, Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныс берілді деп сеніммен айта аламын. Түптеп келгенде мұның бәрі еліміздің Ата Заңына негіз болады. Бұл әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт сілтейтін маңызды құжатқа айналады деп сенемін», – деді  Тоқаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болса да ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады дегенді атап өтті.

«Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін. Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.

Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», – деді Президент.