Алматы облысында Корея Республикасының өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар еңбек көші-қоны мәселелерін талқылай отырып, егер барлық талап оң бағаланып, келіссөздер сәтті аяқталса, алдағы уақытта толыққанды меморандумға қол қою жоспарланып жатқанын жеткізді.
Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары жөнінде Алматы облысының мобильді еңбек орталығының директоры Абылай Зуайда мәлімет берді.
Мамандардың пікірінше, бағдарламаға қосылған жағдайда өңірде арнайы оқу орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Қазір осы бағытта тиісті нысандармен танысу және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы облысының әкімі бұл бастаманың тұрғындарды заңды жұмыспен қамтуға және халықаралық еңбек тәжірибесін игеруге жол ашатынын атап өтті.
Ал корей тарапы түпкілікті шешім барлық дайындық кезеңдері аяқталғаннан кейін Корея Республикасының ведомствоаралық комиссиясында қабылданатынын жеткізді.
Фото: ortcom.kz