-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Рамазан 2026: биыл пітір садақа мөлшері қанша?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, пітір садақа — жан басына 735 теңге.

Пітір садақа дегеніміз не?

Пітір — оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Ханафи мәзһабі бойынша Рамазан айында мұсылман адам өзі және отбасы үшін пітір садақа беруі — уәжіп. Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не мейізбен немесе 4 келі құрма, арпамен есептеледі.

Қай уақытта беріледі?

Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. «Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды», — дейді пәтуа бөлімінің мамандары.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Рамазан айы 19 ақпанда басталады.