-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Украина мен Ресей арасы алшақ: Әлемдегі ең қуатты армиялардың рейтингі шықты

Global Firepower сараптамалық ресурсы әлемдегі ең қуатты армиялардың жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бұл тізімде Украина 20-орынға жайғасса, көш басында АҚШ, Ресей және Қытай тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Рейтингті жасаушылар 145 елдің әскери әлеуетін 60-тан астам көрсеткіш бойынша бағалаған. Олар тек сарбаздар мен әскери техниканың санын ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық және демографиялық мүмкіндіктерін де ескерген.

Сарапшылар Украинаның мықты тұстары ретінде әскерінің саны (сарбаздар, резервтегілер және техника), теңіздегі әлеуеті (теңіз дрон-катерлерінің арқасында), көмір өндіру көлемі, теміржол желісінің ауқымы және қорғанысқа бөлінетін шығындарын атаған. Ал әлсіз жақтарына сүңгуір қайықтар мен ірі әскери кемелердің (авиатасымалдағыш, фрегат, корвет) болмауы, сондай-ақ көмір, мұнай мен газды көп тұтынуы жатқызылды.

Жалпы тізімде Украина Испания (18-орын), Мысыр (19-орын), Польша (21-орын) және Тайвань (22-орын) сияқты елдермен қатар тұр.

Global Firepower нұсқасы бойынша әлемдегі ең қуатты армиялардың алғашқы ондығы мынадай: АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Оңтүстік Корея, Франция, Жапония, Ұлыбритания, Түркия және Италия.