2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Қылмыстық іс қозғады»: Жамбыл облысындағы қайғылы жағдайға қатысты ресми түсіндірме

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің басқолбасшысы Мереке Көшекбаев Жамбыл облысындағы әскери қызметші өліміне қатысты ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы аталған облыстағы қаруды пайдалану кезінде алған оқ жарақат салдарынан қаза тапқан әскери қызметшіге қатысты істің Министрліктің жеке бақылауында екенін айтты.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталады.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен комиссия жіберілді. Жағдай Министрдің жеке бақылауында», — делінген ресми түсіндірмеде.

Сонымен бірге, Мереке Көшекбаев қаза болған әскери қызметшінің  туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.