Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы Krisha.kz сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Krisha.kz сату бөлімінің басшысы Имран Османовтың айтуынша, 2025 жылдың желтоқсанында нарықта сұраныс жоғары болғандықтан қаңтардағы мәміле саны 47.8 %-ға төмендеді. Ол кезде адамдар 53.1 мың мәміле жасаған. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Заң, салық және ипотекалық бағдарлама өзгереді деп сатып алушылар асықты. Жаңа тұрғын үй сегментінде сұраныстың бір бөлігі алдын ала артты.
Қаңтарда мәміле саны 27.7 мыңға төмендеп, қалыпты деңгейге оралды. Ай сайынғы 25–40 мың мәміле — нарықтағы қалыпты көрсеткіш. Желтоқсандағы өсім бір реттік құбылыс болды. Қазір сатып алушылар көктемге және жаңа ипотекалық бағдарламаларға дайындалып, күтіп отыр.
Сұраныс қалай өзгерді
Ұлттық статистика бюросының дерегінше қаңтарда сұраныс барлық өңірде төмендеді.
Сұраныс Павлодар облысында (—68.1%), Абай облысында (—64%) және Солтүстік Қазақстан облысында (—57.3%) қатты төмендеді.
Халық не сатып алды
- Пәтер — 21 725 мәміле, желтоқсанмен салыстырғанда 47 % аз.
- Жер үй — 6020 мәміле, 50 % төмендеді.
Сауда көшбасшысы — бір бөлмелі пәтер. Адамдар 8 247 мәміле жасаған.
Көшбасшы өңірлер
Мәміле саны бойынша көшбасшылар:
- Астана — 5 375 мәміле;
- Алматы — 5 191 мәміле;
- Қарағанды облысы — 2 241 мәміле.
Ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелді — бар болғаны 283.
Былтырғы қаңтармен салыстырсақ, биыл қаңтарда мәміле саны 10.3 % аз (2025 жылы 30 917 еді). Сұраныс барлық жерде төмендеді, тек Шымкентте 32 % өсті.Сондай-ақ Түркістан облысында сұраныс 12,2%-ға өсті.
| Өңір | Қаңтар | Бір айда, % | Бір жылда, % |
| ҚР | 27 745 | –47.8 | –10.3 |
| Абай | 501 | –64.0 | –21.2 |
| Ақмола | 1017 | –45.8 | –5.3 |
| Ақтөбе | 969 | –55.6 | –18.3 |
| Алматы обл. | 1760 | –38.2 | 24.9 |
| Атырау | 766 | –39.7 | –20.5 |
| БҚО | 772 | –56.3 | –32.4 |
| Жамбыл | 969 | –43.0 | –6.2 |
| Жетісу | 592 | –55.0 | –6.5 |
| Қарағанды | 2241 | –41.1 | –7.1 |
| Қостанай | 951 | –49.2 | –5.4 |
| Қызылорда | 448 | –48.2 | –19.6 |
| Маңғыстау | 1323 | –51.3 | –13.9 |
| Павлодар | 595 | –68.1 | –15.8 |
| СҚО | 437 | –57.3 | –8.8 |
| Түркістан | 913 | –46.1 | 12.2 |
| Ұлытау | 283 | –33.7 | –25.1 |
| ШҚО | 777 | –54.7 | –9.3 |
| Астана | 5375 | –54.0 | –17.9 |
| Алматы | 5191 | –42.4 | –15.4 |
| Шымкент | 1865 | –11.7 |
32.2 |
