Фермерлік шаруашылықтардың сиыр етін экспорттауға қатысуына қойылатын минималды талапты едәуір жеңілдету ұсынылуда. Тиісті өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды naryk.kz.
Жаңа ережелерге сәйкес:
- Өз ет комбинаты бар шаруашылықтар енді кемінде 500 бас ірі қара болған жағдайда ет экспорттай алады (бұрын ең төменгі шек 5 мың бас болатын);
- Өзінің өңдеу қуаты жоқ ірі фермалар да экспортқа шығу мүмкіндігін алады, бірақ олардың мал басы 5 мыңнан жоғары болуы тиіс. Мұндай жағдайда ет басқа ет комбинаттары арқылы экспортталады.
Қазір жартыжылдық экспорттық квота шаруашылық көлеміне байланысты бөлінеді:
- шамамен 5 мың бас – 1 мың тоннаға дейін
- 10 мың бас – 2 мың тоннаға дейін
- 15 мың бас – 3 мың тоннаға дейін
- 20 мың бас – 4 мың тоннаға дейін
- шамамен 50 мың бас – 10 мың тоннаға дейін.
Негізгі талап өзгермейді: ет шаруашылықтың өз малынан өндіріліп, өз қуатында өңделуі тиіс.
2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес:
- ет экспорты екі есе өсіп, 165 мың тоннаға жетуі тиіс;
- ірі қара саны 12 млн басқа дейін ұлғайтылады.
Экспорттың негізгі бағыттары – Парсы шығанағы елдері және басқа да мұсылман мемлекеттері. Жоспар бойынша, елдегі ет өндірісі 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін артуы мүмкін.
