-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Пойызда жолаушының жағдайы нашарласа, не істеу керек?

Пойызда жолаушының жағдайы нашарласа, не істеу керек? Бұл сауалға «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, жолсеріктер алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы даярлықтан өтеді. Сонымен қатар, әрбір пойыз медициналық қобдишамен жабдықталған.

Жол үстінде жолаушының жағдайы нашарлаған жағдайда:

  • Вагон жолсерігіне дереу хабарлау қажет. Жолсерік жолаушының жағдайын бағалап, өз құзыреті шеңберінде алғашқы көмек көрсетеді.
  • Қажет болған жағдайда жолсерік пойыз бастығын хабардар етеді. Пойыз бастығы қажет шараларды қабылдап, медицина қызметтерімен байланысты қамтамасыз етеді.
  • Шұғыл жағдай туындаса, жедел жәрдем шақырылады. Қажет болған жағдайда пойызды жақын станцияда медицина қызметкерлері қарсы алады немесе ерекше жағдайларда белгіленген тәртіпке сәйкес пойызды жоспардан тыс тоқтатуы мүмкін.
  • Жеке дәрі-дәрмектерді алып жүру ұсынылады.

Айта кетейік, кейінгі үш жылда ұлттық тасымалдаушы пойыздарында 15 сәби дүниеге келген.