2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды»: ҰҚҚ бюджетке қайтарылған қаржыны айтты

ҰҚК жыл басынан бері 126 дерек тіркелгенін, оның ішінде 110-ы сыбайлас жемқорлық екенін мәлімдеді. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, қайтарылға қаржының көп бөлігі парақорлық қылмыс салдарынан туындаған.

«89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) — 18 млрд теңге», — деп жазылған хабарламада.

Осылайша қысқа уақыт ішінде бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылған.