2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Әлемдік рейтингте қазақстандық боксшылар қай орында келеді

World Boxing ұйымы бокстан әйелдер және ерлер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Бұл рейтингте әйелдер арасында Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) көш басында келеді. Онда Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова екінші, Виктория Графеева мен Елдана Талипова үшінші орында жайғасты.

Ал ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлемдік рейтингте көш бастаса, Нұрбек Оралбай екінші орында тұр.

Айта кетсек, бұдан бұрын бас бапкер Нұржан Насанов жетекшілігімен бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

Дайындық барысында олар алдағы Азия чемпионатына дайындық жүргізеді. Халықаралық деңгейдегі жаттығу жиынына Өзбекстан, Түрікменстан, Германия, Түркия құрамалары келді.

Айта кетейік, ересектер арасындағы Азия чемпионаты 28 наурыз-11 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтеді. Біріншілік алдында сол жерде де бірлескен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады.

https://kaz.inform.kz/news/alemdk-reytingte-kazakstandik-boksshilar-kay-orinda-keled-36d56b/