2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Алла — Адам- Әлем арасында жаратылыстан байланыс бар — Досай Кенжетай

Алла — Адам- Әлем арасында жаратылыстан байланыс бар. Мұны механикалық байланыс десек болады. Байланыс деген арабша рабыта, ақл деген сөз. Алла адамға “ ақл” бергені өзімен байланыссын дегені. Механикалық мәнде емес, махаббатпен, саналы, сезіммен, мұқтаждығы мен құлдығының мәніне ақлмен жетсін деген… ол үшін ортақ тіл керек болды… Сөйлейтін Құдай түсінігі ең ықпалды күш сияқты болды… Содан Сөйлейтін Құдайдың еврейлерге өз атынан алғашқы арналған сөзі “ өмір сыйла” деп басталды… Христиандарға алғашқы сөз- “сүй” деді. Мұсылмандарға да бірінші аяты “ Оқы” деді… Адамзатта құдайтану былай тұрсын, құдай сөзіне құлақ асу байқалмайды… Еврейлер адамзатқа өмір сыйлау былай тұрсын, тек қан жұту, қыру мен жоюды ғана білетін сияқты. Христиандар да сүюдің орнына зұлымдықпен кетті. Мұсылмандар да оқудың орнына надандық, жахил, көрсоқырлықпен тояттауда… Сонда баяғы сұхбат, ақыл, байланыс қайда? Аллатану қайда? Бәрі көзбояушылық. Өзін алдайды… Алла көріп тұр аяғы не болар екен…