Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
«20 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы болады», — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
