-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Елде кәсіпкерлердің жартысынан көбі әйел

Қазақстандағы әйелдер саны 10 488 074, жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%-ға жетті. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы статистика бюросы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Әйелдердің жасы бойынша үлесі:

  • 0-15 жас – 29,1%
  • 16-60 жас – 55,5%
  • 61 жастан жоғары – 15,4%

Өңірлер бойынша әйелдер ең көп:

  • Алматы қ. – 1,2 млн
  • Түркістан облысы – 1 млн
  • Астана қ. – 803,5 мың
  • Алматы облысы – 778,5 мың

Әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас

Әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл.

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел)

Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%

Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:

  • Білім – 20%
  • Сауда – 19%
  • Денсаулық сақтау – 10%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%

Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар саны ең көп – 1,3 миллион әйел.