2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Наурызда доллардың орташа құны 509,6 теңге болады – сарапшы

Freedom Broker сарапшылары наурыз айында теңге бағамы бір доллар үшін 504 теңгеге дейін әлсірейді деп болжады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы компания шолуына сүйеніп хабарлайды

«Жұма күні доллар айтарлықтай нығайды, бұл біздің жергілікті болжамдарымызға сәйкес келді. Бүгін теңге өз позициясының бір бөлігін қайтарып, бір доллар үшін 496,75 теңгеге дейін жетті. Наурыз айында USD/KZT бойынша доллар бағамы орташа есеппен 504 теңге мөлшерінде болады деп болжап отырмыз», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Осы ретте, компания жылдың екінші жартысынан бастап доллар қымбаттайтынын төмендегідей болжаған:

«Біз бұған дейін ақпан айының ортасындағы салық кезеңіне байланысты айдың басында осындай сценарий орын алатынын болжаған едік. Теңге үшін ең оңтайлы кезең айдың 10-ына сәйкес келеді және бағам бір доллар үшін 490–500 теңге дәлізінде саудаланады деп есептейміз. Ал доллардың ықтимал өсуіне келетін болсақ, біз теңге бағамы әлсіреуі мүмкін жылдың екінші жартысына назар аударуды ұсынамыз», — деген.