KAZINFORMСпорттық автокөлік өндірушісінің салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайдасы 2025 жылы 310 миллион еуро болды. Осылайша Porsche пайдасы айтарлықтай азайғаны тіркеді.
БЕЛТА дерегіне жүгінген ҚазАқпарат мәліметінше, табыс шамамен 10% төмендеп, 36,3 миллиард еуроға жеткені айтылады. Бұған Қытай нарығындағы проблемалар, АҚШ-тың тарифтеріне байланысты жоғары шығындар және іштен жанатын қозғалтқыштардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған стратегия себеп болған.
Porsche-нің жаңа бас директоры Майкл Лейтерс өзінің модельдік құрамын қайта құруға және үнемдеу шараларын жүзеге асыруға уәде береді. Бірақ мұның бәрі күрделі нарықтық жағдайлар мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында болады.
Фольксваген тобының салықтардан кейінгі таза пайдасы 2025 жылы шамамен 44% төмендеп, өткен жылғы 12,4 миллиард еуродан 6,9 миллиард еуроға дейін азайған болатын. Ал табыс өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, шамамен — 322 миллиард еуро.
Осылайша ішкі сапасына, тысқы қиындықтарға сай экономикалық сәл шегіністе тұрған Porsche алда сәл қиындық «көрсе» де пайда табады деуге болады.
