Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы Ақорда дерегіне сүйеніп хабарлайды.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
