13 C
Almaty
Сейсенбі, 24 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Сіз сұраған «остеопат» деген кім?

Қазіргі таңда «остеопат деген кім?» деген сұрақ көп қойылады. «остеопат бар ма?» деген сұрақты да жиі естиміз. Себебі, денсаулыққа зиян келтірмейтін, табиғи емдеу тәсілдеріне сұраныс артып келеді. Ал ондай өзгеше әрі жаңаша емдеу тәсілі — остеопатия деп аталады. Бұл әдіс ағзаны біртұтас жүйе ретінде қарастырып, аурудың себебін тереңнен іздеуге бағытталған.

Осы ретте Paida-news.kz ақпараттық порталы қысқаша дерек ұсынғанды жөн көрді. Ендеше оқып көріңіз.

Остеопатия деген не?
Остеопатия — бұл адам денесіндегі сүйек, бұлшықет, буын және шандыр (фасция) жүйелерінің өзара байланысын негізге ала отырып ем жүргізетін бағыт. Бұл салада негізгі құрал — дәрі-дәрмек емес, маманның қолы.

Адам ағзасындағы барлық құрылымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе шандыр (фасция) — бүкіл денені тор секілді қоршап, барлық мүшелерді біріктіріп тұратын маңызды тін. Егер осы жүйеде кернеу немесе қысылу пайда болса, ол ауырсынуға, қозғалыстың шектелуіне және түрлі функционалдық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.

Остеопат кім?
Остеопат — арнайы білім алған, ағзадағы құрылымдық және функционалдық өзгерістерді қолмен анықтап, оны жұмсақ мануалды әдістер арқылы түзететін маман.
Ол шандырмен, бұлшықетпен, буындармен және кей жағдайда ішкі мүшелермен жұмыс жасап, олардың дұрыс қозғалуын және қызметін қалпына келтіруге көмектеседі.

Остеопатия қалай әсер етеді?
Остеопатиялық ем кезінде маман:
• денедегі кернеу мен қысымды анықтайды
• шандырдағы тартылуды босатады
• қан және лимфа айналымын жақсартады
• жүйке жүйесінің жұмысын реттейді
Нәтижесінде ағзаның өзін-өзі қалпына келтіру қабілеті күшейеді.

Қандай жағдайда жүгінеді?
Остеопатқа келесі жағдайларда жүгінуге болады:
• арқа, мойын, бел ауырсынуы
• бас ауруы, мигрень
• буын қозғалысының шектелуі
• босанғаннан кейінгі қалпына келу
• балалардағы даму ерекшеліктері
• созылмалы шаршау, стресс