2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

ТОП-10. Қазақстанда ең көп сатылған көлік

Халық арасында ең көп сатылған машина ең жақсы көлік деген сенім бар. Ендеше бұл тұрғыдағы жаңалық та көпке керек дүние деп ойлаймыз. Ол үшін Қазақстан автомобиль одағының дерегіне жүгінсеңіз жеткілікті. әрине, сіз отандық өнімді қолдаушы болсаңыз.

Жуықта жарияланған 2025 жылы елде ең көп сатылған автокөлік брендтері мен модельдерінің ТОП-10 тізімі сізді таңғалдыруы мүмкін. Себебі, бұнда бұрынғы позиция өзгергенін байқауға болады. 

Одақ басшысы Анар Мақашева 2025 жылы Қазақстанда 234,9 мың автокөлік сатылғанын, 2026 жылы бұл көрсеткіш 247 мыңға дейін өсіп, шамамен 5 пайызға артуы мүмкін екенін айтады.

2025 жылы Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік брендтерінің ТОП-10:

  • Hyundai – 50 868
  • Chevrolet – 38 880
  • Kia – 23 402
  • Chery – 14 570
  • Jetour – 14 507
  • Haval – 11 688
  • Toyota – 11 338
  • Changan – 11 260
  • JAC – 10 330
  • Geely – 9 621.

Аталған брендтердің 10-ының 8-і Қазақстанда құрастырылады.

2025 жылы Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік модельдерінің ТОП-10:

  • Chevrolet Cobalt – 31 802
  • Hyundai Tucson – 20 697
  • Kia Sportage – 10 988
  • Hyundai Mufasa – 8 203
  • Hyundai Elantra – 7 867
  • Hyundai Santa Fe – 5 764
  • Chevrolet Onix – 5 732
  • Changan CS55 Plus – 5 558
  • Chery Tiggo 2 – 5 278
  • JAC S3 Pro  – 5 127.