2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Ұмай» және «Жасыл ипотека» қашан іске қосылады

Банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы мен «Жасыл ипотека» бағдарламаларын 2026 жылдың екінші жартысында, шілде—тамызда іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы үкіметтегі баспасөз конференциясында Отбасы банктің басшысы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Ол аталған бағдарламалар бойынша несие рәсімдейді.

Оның айтуынша әр бағдарламаға 45 млрд теңге беріледі, барлығы — 90 млрд теңге.

Отбасы банк басшысының айтуынша қазір осы ипотекаларды қаржыландыратын Азия даму банкімен келіссөз жүріп жатыр. Банк облигацияларды нарыққа шығарады, түскен қаражат осы бағдарламаларға бағытталады.

Екі ипотеканың шарттарын еске салайық.

«Ұмай» ипотекасы

Бағдарлама ресми табысы бар және соңғы 6 айда зейнетақы қорына аударымы бар әйелдерге арналған.

Бұл мемлекеттік емес, бірақ жеңілдікті ипотека:

  • Мөлшерлеме әзірге белгісіз, бірақ алғашқы жылдары 15.4 %-дан төмен болмайды. Уақыт өте 3.5–5 %-ға дейін төмендейді.
  • Бастапқы жарна: өңірлерле — 15 %, ірі қалаларда — 20 %.
  • Ең жоғары сома: 50 млн теңге.
  • Сатып алуға болады:
    — жаңа немесе салынып жатқан тұрғын үйді (ҚТК кепілдігі болса);
    — екінші нарықтағы тұрғын үй — 2016 жылға дейін салынған.
  • Несие мерзімі: 25 жыл.

Қатысу үшін ең төмен табыс мөлшері жоқ, бірақ ай сайын 950 мың теңгеден аспауы тиіс. Екі қосалқы қарыз алушыны қосуға және зейнетақы жинағын қолдануға болады.

Бағдарламаның артықшылықтары — мөлшерлеме коммерциялық банктерге қарағанда төмен. Тұрғын үйдің бар-жоғына байланысты шектеу жоқ. Бағдарлама жұмыс істейтін әйелдерді қосымша қолдау үшін іске қосылады, олар өздері немесе отбасы үшін екінші-үшінші тұрғын үйді сатып ала алады.

«Ұмай» ипотекасының ерекшеліктері

Бұрын айтылғандай енді әйелдер ипотекасында ұпай бойынша іріктеу пайда болады. Отбасы банк жинағы бар және сыйақысы көп депозиттерге басымдық береді.

«Ұмай» ипотекасы бойынша болжамды төлем*

Пәтер құны 20 млн тг 30 млн тг
Бастапқы жарна, 15% 3 млн 4.5 млн
Төлем, 1-кезең, 10 жыл, айына 273 мың 410 мың
Төлем, 2-кезең, 10 жыл, айына 89 мың 140 мың
20 жылда артық төлем 26.5 млн 40.5 млн

*Нақты төлем мөлшері несие шарттарына, табысқа, тұрғын үй күйіне байланысты өзгеруі мүмкін

«Жасыл ипотека»

Бұл бағдарлама энергия тиімділігі жоғары және экологиялық таза тұрғын үйді сатып алуға бағытталған.

LEED, BREEAM, ГОСТ Р немесе OMIR сертификаттары бар тұрғын үйлер «Жасыл» деп есептеледі.

Шарттар:

  • Мөлшерлеме: 12.5 %, кейін 3.5–5 %-ға дейін төмендейді.
  • Бастапқы жарна: 20 %, тұрғын үй төлемін алатындарға 15 %-дан басталады.
  • Ең жоғары сома: 50 млн теңге.

«Жасыл ипотека» бойынша сатылатын пәтерлер тізімі Отбасы банктің сайтында бар.

Krisha.kz барлық өзгерісті бақылап, ипотека шарттары туралы кейінірек хабарлайды.

10 наурызда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Өтінім қалай беру керегін мына жерден қараңыз.