Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында жауын-шашын болады, деп хабарлайды Paida-news.kz ақпараттық порталы.
Солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болуы мүмкін.
Наурыздың 4 жұлдызы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжананған.
Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі ықтимал.
