Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты талқылаулар әлі жалғасуда. Кезекті комиссия отырысында азаматтыққа қатысты нормалар нақтыланады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Дәлірек айтқанда, тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қос азаматтық мәселесіне қатысты тоқталды.
Нұрмұхановтың айтуынша, Ата заңға қос азаматтыққа қатысты ережелерді нақтылайтын түзету енгізу ұсынылған.
