2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Көктайғақ,тұман түседі»: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +4…+6°C жылы.

Шымкентте ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +11…+13°C.

Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +1…+7°C.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, тұман түседі. Жел 5-10 м/с. Түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C.

Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.

Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ. Жел 7-12 м/с. Түнде -11…-13°C, күндіз -1…-3°C.

Қарағандыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде -13…-15°C, күндіз -3…-5°C.

Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Түнде -17…-19°C, күндіз -7…-9°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз +1…+3°C.

Қостанайда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -6…-8°C.

Қызылордада жаңбыр аралас қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел 5-10 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде -19…-21°C, күндіз -8…-10°C.

Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Түнде -13…-15°C, күндіз -8…-10°C.

Семейде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Түнде -13…-15°C, күндіз -3…-5°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -15…-17°C, күндіз +3…+5°C.

Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Түркістанда ауа райы құбылмалы, тұман түседі. Жел 8-13 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.

Оралда жаңбыр аралас қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз -1…-3°C.

Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Түнде -16…-18°C, күндіз -6…-8°C.