Қазақстанда жалға берілетін пәтердің бағасы біртіндеп төмендеп келеді. Бұл үрдіс қаңтарда байқала бастады.
Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы krisha.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Жыл басынан бері үш айда Krisha.kz мониторинг жүргізетін 19 қаланың тоғызында жалға берілетін пәтердің бағасы төмендеді.
Қай қалада төмендеді:
- Қостанай: −5.1%;
- Алматы және Шымкент: −4%;
- Павлодар: −3.5%.
Астана, Атырау, Орал, Көкшетау және Таразда −2 % төмендеген.
Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен және Талдықорғанда 1–1.7 % өскен.
Петропавл, Қонаев, Семей, Түркістан және Қызылордада жағдай өзгермеді.
Қазір баға қандай
Қазақстанда орташа жалға алу бағасы — 1 шаршы метр үшін 3389 теңге.
Қалалар арасындағы айырмашылық әлі үлкен:
- Алматы: 5692 тг/м² — ең жоғары;
- Астана: 5000 тг/м²;
- Шымкент: 3235 тг/м²;
- Түркістан: 2000 тг/м² — ең төмен.
Орташа жалға алу құны*
| Қала | 1 бөлм., тг | 2 бөлм., тг | 3 бөлм., тг |
| Алматы | 200 000 | 300 000 | 440 000 |
| Астана | 200 000 | 270 000 | 400 000 |
| Ақтау | 130 000 | 160 000 | 200 000 |
| Ақтөбе | 130 000 | 160 000 | 200 000 |
| Атырау | 160 000 | 200 000 | 250 000 |
| Қарағанды | 150 000 | 180 000 | 220 000 |
| Қостанай | 152 000 | 200 000 | 230 000 |
| Павлодар | 130 000 | 175 000 | 200 000 |
| Петропавл | 130 000 | 160 000 | 180 000 |
| Орал | 120 000 | 150 000 | 180 000 |
| Өскемен | 150 000 | 190 000 | 230 000 |
| Шымкент | 140 000 | 180 000 | 200 000 |
| Көкшетау | 150 000 | 180 000 | 190 000 |
| Қызылорда | 100 000 | 140 000 | 160 000 |
| Семей | 130 000 | 170 000 | 200 000 |
| Талдықорған | 120 000 | 140 000 | 18 0000 |
| Тараз | 80 000 | 120 000 | 150 000 |
| Түркістан | 90 000 | 120 000 | 150 000 |
* Ұсыныстардың ішінде орташа жалға алу құны. Орташа көрсеткіш
Тәулігіне жалға алу
Тәулігіне жалға берілетін пәтердің орташа бағасы өзгермеді:
- Астана − 15 000 теңге/тәулік.
- Алматы − 18 000 теңге/тәулік.
- Қарағанды − 12 000 теңге/тәулік.
Қазақстанда онлайн-брондау сервисі бар. Жалға алу ақысын Krisha.kz қосымшасында төлеуге болады. Сервис Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларында жұмыс істейді.
