9 C
Almaty
Суббота, 18 Сәуір, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Игіліктің» игілігін кім көреді?

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша сатып алынатын ірі қара мал санының ең төменгі шегін 100 басқа дейін төмендетті.

Еске салсақ, 2026–2030 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жобасында бұл шек 300 бас деп ұсынылған болатын. Алайда салалық қауымдастықтар құжатты талқылау барысында шекті төмендету арқылы қарыз алушылар санын арттырып, бағдарламаны шағын фермерлер үшін қолжетімді етуге болатынын дәлелдеді.

Нәтижесінде кешенді жоспар аясында шаруашылық көлеміне қарай бөлінген несиелік өнімдер енгізілді:

  • «Игілік» — 100-ден 500 басқа дейін ірі қара сатып алуды қаржыландырады;
  • «Береке» — 500 бастан жоғары ірі жобаларға арналған.

Сонымен қатар, 100 басқа дейінгі шағын шаруашылықтар үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ірі қара сатып алуға жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейін несие беріледі.

«Игілік» несиелік өнімі асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған. Негізгі шарттары:

  • пайыздық мөлшерлеме — жылына 6%-дан аспайды;
  • сатып алынатын мал саны — 100–499 бас;
  • несие мерзімі — 9 жылға дейін (етті бағыттағы мал үшін);
  • негізгі қарызды өтеуге жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Несие алу үшін шаруашылықта:

  • қора-жай, қоршаулар болуы;
  • жем-шөп дайындайтын техника болуы;
  • әр басқа кемінде 3 га жайылым,
  • әр басқа кемінде 1 га шабындық болуы қажет.