Шай – көпшілік сүйіп ішетін үйреншікті сусын. Ол шөлді жақсы басады, жылытады әрі тыныштандырады. Кейбіреулер сусынға лимон тілімін қосады. Алайда цитрустың пайдасын алғыңыз келсе, кейбір ережелерді ескерген жөн, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі belnovosti.by сайтына сілтеме жасап.
Есте сақтау керек: лимон құрамындағы барлық дәрумен, соның ішінде аскорбин қышқылы, қайнаған сумен жанасқанда бұзыла бастайды.
«Мұндай қоспасы бар ыстық сусын ауыз қуысындағы қышқылдық деңгейін айтарлықтай арттырады. Соның салдарынан тіс эмалі зақымдалады», — дейді мамандар.
Сондықтан лимон тілімін міндетті түрде ыстық емес, жылы шайға салу қажет. Тек осы жағдайда ғана оның пайдасын көруге болады.
