2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Әдеп кодексін бұзған басшы: Сәпиевтің жанжалы бойынша соңғы шешім шықты

Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты Мемлекеттік қызмет істері тексеру нәтижесін жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәлім еткеніндей агенттіктің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған құжатта оқиғаның барлық жай-жапсары толық зерттеліп…

жанжалдың туындауына Серік Сәпиев кінәлі деп көрсетілген.

Құжатта басқарма басшысы Серік Сәпиевтің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6-бабының 5-тармақшасын, сондай-ақ 8-баптың 1) және 7) тармақшаларын бұзғаны жазылған.

Серік Сәпиев жанжал
Фото: t.me/kozachkow

Сәпиев меморганның беделіне нұқсан келтірген, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырмаған және әріптесіне дөрекілік танытып, әдепсіздік жасаған деп айыпталған.

Контекст

23 қаңтарда әлемжеліде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасында болған жанжалдың видеосы тараған еді. Кейін Сәпиев жанжал орынбасарының заңсыз әрекетіне байланысты туындағанын мәлімдеген.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиғаға қатысты асығыс қорытынды жасамауды сұрап, мемлекеттік қызмет істерінің тексеріс нәтижесін күтуді ұсынған болатын.