10 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Қытай шекарасы не себепті уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері үш күнге жабылады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы мемлекеттік кірістер комитеті дерегін негізге алып хабарлайды.

Комитет бұл жағдайды көрші елдегі көктем мерекесімен байлынысты екенін мәлімдеді.

“Қытай Халық Республикасында Көктем мерекесінің атап өтілуіне байланысты 2026 жылдың 16–18 ақпан аралығында Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратыны да айтылған.

Осы ретте, Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескеріп, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.