2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Жол берілмейді»: азаматтыққа қатысты қандай нормалар нақтыланады

Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты талқылаулар әлі жалғасуда. Кезекті комиссия отырысында азаматтыққа қатысты нормалар нақтыланады. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Дәлірек айтқанда, тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қос азаматтық мәселесіне қатысты тоқталды.

Нұрмұхановтың айтуынша, Ата заңға қос азаматтыққа қатысты ережелерді нақтылайтын түзету енгізу ұсынылған.

– Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматына қос немесе көп азаматтыққа ие болуға жол берілмейді. Басқа мемлекеттің азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатуға негіз болады», – деп түсіндірді Нұрмұханов.