Бұған дейін Krisha.kz хабарлағандай, пәтері немесе үйде үлесі бар адам кезекте тұра береді. Яғни, адамның меншігінде мүліктің бір бөлігі болса да, ол жеңілдікті ипотекаға немесе жалға берілетін тұрғын үйге үміткер бола алады.
Отбасы банк нақты үлес туралы және бұл шешім кімге қатысты екенін түсіндірді.
Мәселе неде?
Былтыр тамызда билік кезектегі адамдарды тексерді. Банк есепте тұрғандардың бәрі талаптарға сай келе ме анықтады.
Отбасы банк төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша тексеріс барысында пәтері немесе үйде үлесі бар кезекте тұрған адамдар көп екені анықталды.
Көбінесе адамдарда пәтерде немесе үйде үлесі бар, мысалы:
- мұра ретінде қалған;
- бала кезінде жекешелендіру болғанда қалған.
«Бұл әжесінен немесе анасынан қалған 1/7 үлесі болуы мүмкін немесе жекешелендіру кезінде қалған үлес. Бірақ бұл үлес өте аз болғандықтан, адамдар оның бар екенін білмеген.
Демек, үлес бар, бірақ адамдардың жеке тұрғын үйі жоқ», — деді Ләззат Ибрагимова.
Деректерді талдағаннан кейін банк мұндай адамдарды кезектен шығармау туралы шешім қабылдады.
Жаңа ереже ақпаннан бастап күшіне енеді.
Кезекте қалу үшін үлес қанша болуы керек
Пәтерде немесе үйде 1/7, 1/6, 1/4, 1/3 үлесі болса, мемлекеттің қолдауына сүйене алады.
Материал: krisha.kz сайты
