Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кеңейтілген отырыста біраз сын-ескертпе айтты. Соның бірі, елдегі құжаттардың цифрландыру деңгейінің төмендігі мен әлі де халыққа жедел қолжетімді болмай отырғаны. Осы ретте Президент Үкіметке Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басатын жүйе әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
«Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды. EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады», – деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үкіметке шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдар мәселесін шешу үшін үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс деген ескертпе жасады.
«Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуге тиіс», – деді Тоқаев.
Әрі Бектеновке әкімдіктермен бірге бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы тапсырды.
