2 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

«Жоспарлы тексеріс»: Қорғаныс министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі жоспарлы тексеріске байланысты азаматтарға ескерту жасап, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізеді.

«16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника қозғалады. Соған байланысты жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін», — деді министрлік өкілі.
Осы ретте министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуі керектігін жеткізді.