Психиатр Энрике Рохас бақыттырақ болғысы келетіндерге жеті кеңес берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Economista басылымына сілтеме жасап.
Рохастың айтуынша, ең алдымен өткеннің жарасын жазып, бұрынғы қателіктер үшін өзін кешіруді үйрену керек. Дәрігер берген екінші кеңес — жүрек пен ақылдың арасынан тепе-теңдік табу. Тағы бір маңызды қыры — оң көзқарас және кез келген жағдайда позитив көре білу қабілеті.
Бұдан бөлек, маман сөзін жалғап, бақытқа жету үшін ерік-жігерді дамыту қажет екенін айтты.
«Ерік-жігер — психологиямыздың маңызды бөлігі, ал күшті, берік, тұрақты, табанды ерік — нағыз інжу-маржан», — деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, дәрігер бақытты болуы үшін өмірлік жоспар құру маңызды екенін айтты: ол жоспар махаббат, жұмыс, мәдениет және достық сияқты барлық саланы қамтуы керек.
Қорытындылай келе, ол жан тыныштығына қол жеткізуге, сондай-ақ, өткенге қарай бермей, болашақ туралы армандауға шақырды.
