-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Ақшаны депозитке салғаннан облигация алған тиімді — BCC Invest

Теңгемен және шетел валютасымен номинацияланған облигацияның пайыздық мөлшерлемесі депозитке қарағанда жоғары, BCC Invest брокерлік компаниясының сарапшыларыБұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы naryk.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры дерегіне сәйкес, респонденттердің 84%-ы қаражатын депозитте сақтауды жөн көреді.

2025 жылдың үшінші тоқсанының соңында мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлеме 15% болды. Ал мерзімді және жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер мерзіміне қарай:

  • толықтырусыз – 10,5–18,1%
  • толықтырумен – 11,8–17,6%

BCC Invest сарапшыларының айтуынша, қаражатын тек сақтап қана қоймай, икемділік пен жоғары табыс алғысы келетін инвесторлар үшін облигация тартымды балама бола алады.

Қазақстан қор биржасы нарығындағы корпоративтік облигация табыстылығы теңгемен жылына 13,61%-дан 25%-ға дейін, ал доллармен 4,5–10% аралығында болған.

Бастапқы нарықта облигациялардың көпшілігі депозит мөлшерлемелерінен жоғары табыс ұсынған. Әсіресе жоғары табысты облигациялар сегментінде бұл айқын байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, банк депозитте табыстылық мөлшерлемесін бекітсе, облигация мерзіміне қарай қосымша сыйақы табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар депозит табыстылығы қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігіне байланысты. Жоғары мөлшерлеме ұсынатын жинақ депозиттері әдетте қаражатты мерзімінен бұрын алуға шектеу қояды – салымшы сыйақысынан айырылуы мүмкін. Ал облигацияны инвестор мерзімінен бұрын сату немесе өтеу арқылы икемді түрде пайдалана алады.

BCC Invest облигациялардың тағы бір артықшылығы ретінде тәуекелді әртараптандыру мүмкіндігін атады. Облигациялар портфелі тәуекелді түрлі эмитенттер мен мерзімдер арасында бөлуге мүмкіндік береді.

Сарапшылар Қазақстанда валюталық депозиттердің табыстылығы әдетте 1%-дан аспайтынын да атап өтті. Ал жекелеген долларлық облигациялар жылына 10%-ға дейін табыс ұсына алады. Сондықтан валютадағы депозит көбіне табыс құралы емес, валютаны сақтайтын «сейф» ретінде қолданылады.