2025 жылдың қорытындысы бойынша, бал экспорты 2,5 есе артып, бір жыл бұрынғы 603 тоннадан 1477 тоннаға дейін өсті. Жеткізудің негізгі нүктесі Өзбекстан болып қала берді. Бұл бағытқа 1264 тонна немесе жалпы көлемнің 85,6% жөнелтілген.
Бұл туралы Paida-news.kz ақпараттық порталы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Отандық бал Өзбекстаннан бөлек Канада, ҚХР, Сауд Арабиясы, РФ және АҚШ-қа экспортталды. Алғаш рет Оманға жеткізілді.
Тиісінше импорт көлемі айтарлықтай төмендеп, 2024 жылы 1663 тоннаның орнына 262,4 тонна болды.
АШМ дерегі бойынша, бүгінде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында 241 мың ара тұқымдасы бар, олардың 90,2 мыңы асыл тұқымды. Жыл сайын 5 мың тоннаға жуық бал, 46,5% немесе 2,3 мың тонна — жеке қосалқы шаруашылықтарда, 54% немесе 2,7 мың тонна — ауыл шаруашылығы өндірушілері өндіреді.
«Мемлекеттік қолдау мақсатында мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау Қағидалары шеңберінде сатылған өнім килограмы үшін бал өндірісінің құнын арзандатуға — 200 теңге субсидиялау көзделген», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
