-0.1 C
Almaty
Жұма, 20 Наурыз, 2026

― Advertisement ―

spot_img

Енді құжатты ХҚКО-дан кез келген уақытта алуға болады

Бұдан былай дайын құжатты алу үшін жұмыстан сұранудың қажеті жоқ. ХҚКО-да тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін автоматты құжат беру пункті — постамат бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Дәлірек айтқанда, дайын құжатты өзіңізге ыңғайлы уақытта және кез келген күні алуға болады. Ол үшін тек тұрған қалаңыздағы арнайы постамат орнатылған орынды білсеңіз жеткілікті.

Қандай құжаттарды алуға болады

Қазір постамат арқылы 19 түрлі құжат ала аласыз. Олар:

  • неке қию және ажырасу туралы куәлік;
  • свидетельства о смерти;
  • қайтыс болғаны туралы куәлік;
  • мұрағаттағы анықтама;
  • туу туралы куәліктің қайталама нұсқасы;
  • аттестат пен дипломның көшірмесі және басқа да құжаттар.

Алдағы уақытта тізім кеңейеді.

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Мемлекеттік қызмет рәсімдегенде дайын құжатты алу тәсілі ретінде постаматты таңдау қажет.
  2. Құжат дайын болғанда телефонға жеке коды бар SMS-хабарлама келеді.
  3. Ұяшықты ашу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек.
  4. Хабарлама келгеннен кейін құжатты үш күн ішінде алуға болады.
  5. Алмасаңыз, құжатты ХҚКО маманы арқылы аласыз.

Ескертетін жайт: 2026 жылы постамат қызметінің құны — 518 теңге болып бекітілген.

Постаматтар қайда жұмыс істейді

Қызмет он қалада жұмыс істейді. Қазір 14 постамат бар.

Постаматтар орнатылған ХҚКО мекенжайлары:

  1. Астана — Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4.
  2. Астана — Республика даңғылы, 43.
  3. Алматы — Марков көшесі, 44.
  4. Алматы — Жандосов көшесі, 51.
  5. Алматы — Нұркент ықшамауданы, 5/17.
  6. Шымкент — Жангелдин көшесі, 13а.
  7. Шымкент — Төлеметов көшесі, 35.
  8. Тараз — Төле би даңғылы, 89г.
  9. Қордай — Батыс тұрғын алабы, 25.
  10. Қарағанды — Шахтёрлер даңғылы, 5/2.
  11. Қызылорда — Астана даңғылы, 46.
  12. Павлодар — Павлов көшесі, 48.
  13. Түркістан — 160-квартал, 236-ғимарат.
  14. Семей — Папанин көшесі, 34а.

Айта кетерлігі, әзірге еліміз бойынша әлі постаматтармен қамтылмаған қалалар бар