Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспары ауыл шаруашылығы кадрларын даярлау мен АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға арналған шаралар блогын қамтиды. Өзекті мәселелердің бірі — шопандар мен бақташылардың тапшылығы, сондықтан үкімет осы санаттағы жұмысшылар үшін жұмыс орындарын субсидиялау мәселесін пысықтайды. Қажет болған жағдайда тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.
Сонымен қатар мал шаруашылығында еңбек ететін шопандар мен бақташылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін бұл мамандықтар зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысшылар тізіміне енгізіледі. Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, мамандықтың мұндай тізімге енуі қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық береді.
Сондай-ақ мал жаятын бақташылар мен шопандардың жеңілдікті еңбек өтілін зиянды жағдайлардағы жұмыс өтілі ретінде есептеу мәселесі де қарастырылады.
Мал шаруашылығын дамыту жоспарында қарастырылған тағы бір қолдау шарасы — жұмыс берушілердің ауылдық жерлерде мал шаруашылығы мамандарына арнап салған жалдамалы тұрғын үй құрылысына жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу. Субсидиялау нормативін құрылыс құнының және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шығындарының 50%-ы деңгейінде белгілеу, сондай-ақ максималды құны бойынша лимит қою ұсынылып отыр.
