Қазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы ең тығыз қоныстанған аймақтар — Алматы мен Түркістан облысы. Мұнда сәйкесінше 2 351 424 және 2 146 420 адам тіркелген.
Астанада 1 649 242 адам, Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады. Шымкент халқы 1 298 279 адамға, Жамбыл облысының халқы 1 215 360 адамға жеткен. Карағанды облысында да 1 миллионнан аса адам тұрады — 1 131 435 адам.
Жыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артты. Оның 15,8 мыңы табиғи өсімнің есебінен, 2,3 мыңы – оң миграциялық сальдодан.
Ұлттық статистика бюро мәліметінше, 20 миллиондық межеге Қазақстан 2023 жылғы қарашада жеткен.
